Ұстаздар орманды қоқыстан тазартты

Ұстаздарымыз орман алқабын қоқыстан тазарту үшін сенбілік өткізді. Бір атап өтерлігі – сенбілікке тек ұстаздар ғана емес, олардың отбасылары да атсалысты. Тазалық жұмыстары Зияткерлік мектептер арасындағы желілік «Таза мекен -2021» акциясының аясында ұйымдастырылды.


– «NIS Teachers Volunteers» еріктілер клубының кезекті акциясы мамыр айының 17-23 күндері аралығында өтеді. Сенбілікке ұстаздар, 10-12 сынып оқушыларынан өзге шәкірттеріміз өз қалаларындағы саябақ, сквер, орман алаңдары, далалы жерлер мен өз ауласын тазалау арқылы қатыса алады. Тіптен еңбекке жарамсыз азаматтардың ауласын тазалау арқылы да үлес қоса алады, – дейді желілік еріктілер клубының жетекшісі Жазира Құрманова.


Клуб жетекшісінің ақпарына сәйкес, «Таза мекен-2021» акциясына Ақтөбе, Алматы, Ақтау, Тараз, Шымкент, Қостанай қалаларындағы Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысуға ниет білдірген. Ал «Семей орманы» МОТР» РММ аумағын қоқыстан тазалауға шыққан Құралай Қалиева, Асхат Жұмабеков, Жазира Құрманова,Наркес Дауытбаева, Сымбат Мажиков, Алёна Каус, Мереке Тастекеев сынды әріптестерімізге Ринат, Зарина Мажиковтар, Арыстанбек, Темірболат Құсайыновтар, Әдия Амангелді есімді бүлдіршіндеріміз көмектесті. Сенбіліктің ұйымдастырылуына «Семей орманы» МОТР» РММ «Жаңа Семей» филиалының қызметкерлері К.Мұхамедиев, С.Сейсебаевтар қолдау білдірді.


Баспасөз қызметі