Дария “DREAMFEST” –те жүлдегер атанды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Дария Кайрханова “DREAMFEST” халықаралық аспаптар сайысында жүлделі 2 –ші орынға ие болды.


5 жасынан фортепианоға деген қызығушылығы басым Дария қаламыздағы №1 Балалар музыка мектебінде дәріс алған. Аспапқа деген әуестігінің арқасында отандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын еркін ойнай алады.


– Фортепианода ойнау кезінде өзге бір әлемде жүргендей күй кешемін. Бойыма жаңа бір күш біткендей сезінемін. Әр шығарма түрліше әсер береді. Солардың ішінде «Құсни Қорлан», «Қамажай», «Вальс» до-диез минор, Op.64 No.2 сынды туындылар менің сүйікті шығармаларым, -дейді шәкіртіміз.


Дарияның жеткен жетістігі бұнымен ғана шектелмейді. Өйткені, ол өткен жылы Теміржан Базарбаев атындағы халықаралық онлайн-байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Баспасөз қызметі