Асқар тауым – қазақы дастарханым

Мектебімізде «Ұлттық тағамдар күні» тақырыбына орай 7, 8, 9 сыныптары шаңырақтарының арасында видео-сайыс өтті. Сайыс мақсаты – шәкірттерімізге  ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, танымдарын кеңейту, асқа байланысты салт-дәстүрлермен таныстыру.

Сайыс талаптарына сәйкес, әр шаңырақ ұлттық тағам түрінің дайындалуымен таныстырып, оның маңызын ашуға ұмтылды. Сонымен қатар тазалық, қауіпсіздік шараларының сақталуын ескерілуі, эстетикалық талғамның және баланың ата-анамен бірлескен еңбек әрекеті болуы ұмыт қалған жоқ.

Жіберілген видеоларды қазылар алқасы таразылап, әділ шешімдер жасалды. Халқымыздың ұлттық тағамдары: бауырсақ, жеті нан, шелпек, тары көже, наурыз көже, қуырдақ, ет асу, жент, талқан, қызылірімшік, құрттың дайындалу мәзірінен бөлек ағза үшін маңызы ашып көрсетілді.

ZOOM платформасында өткізілген іс-шарада қазақтың көне тағамдары туралы «Кім біледі?» айдарында жұмыс жасалып, мәліметтер берілді. Кеш жалғасы видеолардың ұтымды бөліктерін көрсетумен жалғасып, «Нан бар жерде ән бар», «Қуырдақ – кәделі тағам», «Ағы бардың – бағы бар», «Құрт – қазақтың құты» сынды аталымдар бойынша үздік шыққан  шаңырақтар марапатталды.

Шара соңында қатысушылар Әз-Наурыз мерекесін орай жылы лебіз- тілектерімен  бөлісіп тарқасты.