Білімді мыңды жығады

Наурыз мерекесін атап өтудің бір тәулігі Зияткерлік күніне арналды. Осыған байланысты мектебіміздің 7- 12 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында шәкірттеріміз «Kahoot» викторинасының Қазақстанның тарихы, географиясы, әдет-ғұрпы, мәдениеті және Наурыз мейрамына байланысты сұрақтарына жауап берді. Ойынның екінші кезеңі «Kahoot» викторинасының төрт финалисті арасында «Өз ойының» форматында өтіп, түрлі саланы қамтыған сұрақтар берілді. Ойын қорытындысы бойынша 8-сынып оқушысы Муният Шағыбай және 10-сынып оқушысы Рүстем Иманғазин «Өз ойының» да жеңімпаз атанды.

– Зияткерлік ойындарға қатысу бізге тек жақсы әсер қалдырады. Бұл біздің білімімізді ғана дамытып қоймай, ақыл – ойымыздың, ойлау жұйеміздің ұшқырлығына, күнделікті өмірдегі күрмеуі қиын мәселелердің шешімін таба білуге көмектеседі. Дәл осындай ойындарға қатысу – мектеп өміріне қатысты жаңа байланыс, қарым-қатынастың бастамасы, – дейді ойынға қатысушы Ермек Әзбергенов.


Ақтық сынға қатысқан оқушылар диплом, сертификаттармен марапатталса, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.