Қайырымды болсаң, қайырын көресің!

Игі іс жасау – адамгершіліктің белгісі. Наурыз мейрамын атап өту қарсаңындағы 10 күннің бірі – «Игі істер күні» деп белгіленді. Осыған сәйкес, Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ZOOM платформасында қалалық конференция ұйымдастырды. Конференцияға 10 тірек мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Білім мекемелері осыған дейін бізден үйренген “Қоғамға қызмет ету” жобасы бойынша атқарған игі істерін баяндап, алдағы мақсат пен болашақ жоспарларымен бөлісетін болады.


– Конференцияның негізгі мақсаты – тірек мектептермен тізе қоса отырып, қаламызда жасалып жатқан қайырымдылық, жанашырлық істер арқылы оқушылар бойындағы мейірімділік, адалдық, адамгершілік қасиеттерді ұштау, -дейді шараның өтуіне жауапты педагог-ұйымдастырушы-кураторлар.


Нұргүл Сұлтаева,
Динара Нұрғазина,
педагог-ұйымдастырушы-кураторлар