Президенттің ұлықтау рәсімі

27 қыркүйек күні мектебімізде жаңа Президент пен Мектептің көшбасшылар ұйымының ұлықтау рәсімі өтті. Осы жылы Президенттікке үміткер ретінде 19 оқушы ниет білдірсе, дауыс жинау қорытыңдысы бойынша 12 оқушы тиісті дауыс санын жинап, мектептің Көшбасшылар ұйымына мүше болды. Сайлау өткеннен кейін, ұйымның мүшелерімен жақын танысып, өз міндеттерімізге кірісуді асыға күттік. Сол кунге де жеттік, ұлықтау рәсімі ресми форматта өтседе, эмоцияға бой бергендер көп болды. Көшбасшылық ұйымның ескі мүшелеріне бұл көңілсіз кеш болса, біздерге өміріміздің толқытатын сәттерінің бірі болды. Мектептің жастарына осындай мүмкіндік беріп отырған алтын ұя мектебімізге үлкен алғыс айтамыз және бізге артып отырған сенімді ақтауға уәде береміз!

Тұрсынханова Аружан,

10 «С» сынып оқушысы