Күйшіге арналған кеш өтті

Күй атасы Құрманғазының өзін талантымен тәнті еткен Дина Нұрпейісованың туғанына биыл – 160 жыл. Халқымыздың күй өнерінің кеңінен таралуына ықпал еткен дала қызының қалдырған мол мұрасы бүгінгі ұрпақтың кәдесіне жарап-ақ жатыр. Мектебіміздің 7 сынып оқушылары өнерпаздың мерейтойы аясында «Жарқын болашақ бүгіннен басталады» атты кеш өткізді.
7 сыныпқа жаңадан қабылданған әр зияткер шәкіртімізге домбыраны тарта білуге үйрету міндетіміз. Осы үшін Зияткерлік мектептерге ғана тән «100 күй» желілік жобасы жұмыс жасайтынын көпшілік жақсы біледі. Оқушылар арасында өткізілген осы шарамыз арқылы біз күйші апамыздың рухына тағзым ете отырып, оның асыл қазынаға толы мұрасын дәріптейміз. Сол арқылы күй өнерінің құдіретін танытып, әр баланың домбыраға деген қызығушылығын арттырмақпыз. Сонымен қатар, оқушылар өз сыныптастарының өнерлерін де тамашалауға мүмкіндік алды, – дейді ұйымдастырушылар.
Атақты күйшінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнематериалдан бастау алған шара оқушылардың домбыра, гитара, фортепиано, скрипка аспаптарымен Дәулеткерейдің «Қос алқа», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», «Әке толғауы» күйлері және «Құстар қайтып барады», «Моя земля Казахстан», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Прелюдия ІІ», «Соната Я. Ваньхаль», «L’Orage The Storm» сынды композицияларды оны нақышына келтіре орындаумен жалғасты. Тіптен поэзияға жаны құмарлары суырып салмалылығымен көзге түсіп, өз өлеңдерін оқыды. Шараға қонақ ретінде қатысқан ата-аналар балалардың өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

Г.Дулатова,
Г.Жакеева,
Б.Салихова,
Ұйымдастырушы-педагог-кураторлар