Жас ғалымдардың жаңа өнертабысы

Жыл сайын 17 қаңтарда бүкіл әлемде өнертапқыш балалар күні аталып өтеді. Осыған байланысты мектебімізде ІІ Өнертабыс және өнертапқыш идеялар күні өткізілді. Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға 30 оқушы қатысты. Осы жасөнертапқыштар өз зерттеулерін 3 минутқа сыйғыза отырып, видео, таныстырылым, постер болмаса ауызша қорғауы керек. Ұсынылған еңбектер арасында экология, ғарыш, физика, инженерия, тіл, психология, нанотехнология, ІТ, бейнелеу өнері, биология, география, робототехника, STEM сынды қоғам үшін маңызы ерекше салалар бар.
Жеңімпаздар мектеп ұстаздары мен оқушылардың дауыс беру арқылы анықталды. Нәтижесінде «Шаған өзенін қалпына келтіру» зерттеу еңбектері үшін Адлен Ролланұлы мен Мағжан Серікбеков жұбы 1 орынды жеңіп алды. Жүлделі 2 орынға Назым Мұратқанова мен Айша Мұратованың Семей қаласының қатты және тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалауға арнап жасаған «Тазалаушы робот», 3 орынға Шырын Нұрлыбек пен Альмара Серікқанның «CleanMask» (Таза бетперде) жұмыстары ие болды. Бұдан бөлек, түрлі аталымдар бойынша жеңіске жеткендерге де лайықты құрмет көрсетілді.


Баспасөз қызметі