Тарихи күнге арналған танымдық-тәрбиелік шаралар

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауықмды шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, 7 сынып шәкірттері Teams платформасы арқылы “Путь лидера” атты деректі фильмді тамашалап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жайлы ақпараттармен қанығады. Соңынан алған әсерлері арқылы эссе жазады.

8 сынып оқушылары да шарадан қалыс қалмайды. Олар желілік «100 ән» жобасының аясында әлеуметтік желілерде «Елбасы» тақырыбына арналған әндерді шырқайды.

Ал 9 сынып шәкірттері Teams платформасында куратор сағаты өтіп, «Көшбасшы жолы» тақырыбында өтетін дебатта бас қосады. Сонымен бірге шаңырақтар арасында «Бірлігіміз жарасқан» атты тимбилдинг өтеді.

Тарихи күндегі шараға мектебіміздің тарих пәні мұғалімдерін де жұмылдыру жоспарда бар. Соның нәтижесінде ұстаздарымыз 10 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты дебатта пікір алмасады.

Елбасымыздың өмір жолы әр қазақстандық жастарға үлгі. “Менің болашақ таңдауым” бағдарламасы аясында өткізілетін “Қызық екен” ток-шоуында 11 сынып оқушылары «Елбасы еңбектеріндегі зияткер тұлға болу үшін адамға қойылатын талаптар» тақырыбында өз білімдерін сарапқа салады.

Ал 12 сынып шәкірттері болса “Ұлт көшбасшысы: Қазақстан – Жаңғырған Ұлы Дала Елі” тақырыбындағы өз ойларын жыр шумақтарына арқау етумен бірге эссе жазудан сайысады.

Баспасөз қызметі