Республикалық велошеру өтті

Елімізде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлесе отырып, қауіпсіз, денсаулыққа пайдалы экологиялық –экономиялық технологияларды күнделікті өмірде қолдануды және велосипед көлігімен жүруді жалпы білім беретін мектептерге насихаттау мақсатында 2017-ші жылдың 1 қазанында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде республикалық велошеру өткізді. Оған еліміз бойынша 4000 астам оқушы, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Аталған шарадан Семей қаласындағы ФМБ НЗМ тыс қалған жоқ. Велошеруге қаламыздың 30-дан аса мектебі мен зияткерлік мектебінен оқушылар қатысты. Айта кетерлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ серіктестігі аясында барлық Зияткерлік мектептерге керекті жабдықтармен қамтылған 440 велокөлік тарту етілді. Оның ішінде Семей қаласындағы Физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепке 21 велосипед бөлінді.
Көңілді өткен велошеруден соң, оған қатысқандарға сертифкат табысталды.