Тоғызқұмалақ спартакиадасы табысты аяқталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары арасында тоғызқұмалақтан дәстүрлі спартакиада өтті. Қашықтықтан өткізілген ІІІ желілік жарысқа 88 оқушы қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөлінген жас спортшылардың арасында Бекжан Әділжаппар, Айым Әкімбергенова, Арнат Жағапаров, Аружан Оралбекова есімді семейлік  оқушылар бар.

– Шәкірттеріміздің жеңісі – мектеп мерейін өсіріп тастады. Осы жеңістері үшін алдымен оқушылардың өзін құттықтағым келеді. Жалпы мектебімізде ұлттық ойынға, соның ішінде тоғызқұмалаққа деген қызығушылық жоғары. Ойынды үйренгісі келетін балалар саны артып келеді. Осыны ескере отырып, мектеп басшылығы, ұстаздары тарапынан жас спортшыларға барлық жағдайды жасалуда, -дейді жеңімпаздар жаттықтырушысы, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Айдын Мырзахметов.

PlayOk платформасында өткізілген жарыс қорытындысы бойынша 7-9 сынып ұлдары арасында мектебіміздің 9 «Е» сыныбының шәкірті Бекжан Әділжаппар 1- ші, 10-12 сынып қыздары арасында  11 «С» сыныбының оқушысы Аружан Оралбекова 2 орынды жеңіп алды. Ал 10-12 сынып оқушылары арасында командалық 3 орын Аружан Оралбекова мен Арнат Жағапаров жұбына бұйырды.

          Баспасөз қызметі