Абыройы артқан Аружан

Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Аружан Қаймолдина  шахматтан V желілік турнирде 1 орынды жеңіп алды. 6  жасынан шаршы тақтаға қызығушылығы басым қызымыздың бұл кезекті жеңісі. Ол бұған дейін де Зияткерлік мектептердегі өз қатарластарының ішінде ешкімге есесін жіберген емес. Нәтижесінде  1 –ші спорттық дәрежелі атағы бар спортшымыз биыл да  Назарбаев Зияткерлік мектептер құрамасына алынды. Енді ол республикалық турнирде бақ сынайтын болады. Айта кетерлігі биылғы сайыс үш топта 9, 13, 17 жасқа дейінгілер арасында қашықтықтан өткізіліп, оған үздік деген 85 жас шахматшы қатысты.

Баспасөз қызметі