Ұстаздар “IQup NISS” –те бас қосты

Жуырда ғана өз жұмысын бастаған “IQup NISS” зияткерлік клубы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай екінші Brain Ring онлайн ойынын өткізді. Ойынға мектебіміздің қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, химия, сурет және кескіндеме, алғашқы әскеи дайындық және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдерінен құралған 4 команда қатысты. Ойын Microsoft Teams платформасы арқылы жүзеге асырылды.

Brain Ring әрқайсы 6 сұрақты қамтыған 3 кезеңге бөлінді.  Осы сайысқа қатысу арқылы ұстаздарымыз топта жұмыс істеу, жедел ойлау, жан-жақтылық сынды қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Осыған орай, клуб мүшелері оқушылардың бастамасына қолдау білдіріп, қызығушылық танытқан оларға үлкен ризашылықтарын білдіреді.

Ойын барысы өте қызықты өтіп, өздерінің тапқырлықтарының арқасында «Алаш Intellect» командасы жеңіске жетті. Шараға қатысқан барлық командалар сертификаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. , набравшая наивысшие баллы в игре. Команды были награждены сертификатами и грамотами.

– Алғашында ойын барасында уақыт жетпес деп ойлағанбыз. Әзірленген сұрақтардың барлығы қызықты. Аса қызығушылықпен қатыстық. Әріптестеріміз де нағыз командалық жігер танытты. Енді ақтық сынды асыға күтетін боламыз. Клуб жұмысына сәттілік тілеймін. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!,- дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмира Мұсаханова.

IQup NISS  клубы зияткерлік ойындардың адамды жаңа қырынан танылып, бір-біріне жақындастырудың, командалық ауызбіршіліктің орнайтынына септігі тиеді деп есептейді. Дәл осындай сайыстарға қатысу – мектеп өміріне қатысты жаңа өзгерістердің бастауы болмақ. Клуб күнделікті өмірге қатысты түрлі тақырыптарда ойындар өткізуді жоспарлап отыр.

Айназ Токпаева,
Ойын жүргізушісі,
12 «Е» сыныбының оқушысы