Зияткерлер сенбілікке қатысты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Абай» шаңырағының оқушылары «Turn it Green» әлеуметтік жобасын іске асыру барысында қалалық сенбілікке қатысты. Қала тазалығына бей-жай қарай алмайтын жанашыр жандардың бастамасымен ұйымдастырылған сенбілік «Дүниежүзілік тазалық күніне» арналды.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны сақтау мен қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру. Бұл біздің оқушылардың қолымен жүзеге асырылып жатқан «Turn it Green» әлеуметтік жобасымен үндес келеді. Біз осы жобамыз арқылы қаламыздың сұлу, көркем табиғатын сақтап қана қоймай, жастар арасында экологиялық қозғалыс идеясын кеңінен таратуды көздейміз. Өйткені, қоршаған ортаға тигізген залал өзімізге кері әсері тиетіндігін әрбір семейлік түсінуі керек. Сол үшін біз шараға қызығушылықпен қатыстық, -дейді «Абай» шаңырағының жетекшісі,  педагог – ұйымдастырушы – куратор Анастасия Соболева.

Акцияға қатысқан шәкірттеріміз Ертіс өзеніндегі аспалы көпір маңайында тазалық жүргізіп, 30 қаптан артық қоқыс жинаған. Олар осы әрекеттері арқылы желестерін тазалық сақтау мен табиғатты аялауға шақырады.

Баспасөз қызметі