“Болашақ – білімде” онлайн лездемесі

 

Биыл Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына 144 оқушы қабылданды. Білім күніне арналған «Болашақ – білімде» атты онлайн лездеме де олар ант қабылдап, зияткерлік білім ошағының абыройы мен сыныптастарының беделін жоғары көтеріп жүруге уағдаласты. Лездемеге TEAMS платформасы арқылы қатысқан ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, мерекелік көңіл-күй сезінді. Олар үшін фольклорлық ансамбльдің орындауындағы «Көксерке» күйі орындалып,  мектеп директоры Бағдан Қайыржановтың құттықтауы жолданды. Сонымен бірге өткен оқу жылының соңғы тоқсанында түрлі олимпиадалар мен сайыстарда жеңіске жеткен шәкірттеріміз бен олардың ұстаздарының есімдері аталып, құрмет көрсетілді.

Баспасөз қызметі