Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау байқауы

Семей қ. ФМБ НЗМ филиалы физика, орыс тілі, дене шынықтыру, Қазақстан тарихы пәндері бойынша мұғалімдерді жұмысқа қабылдау байқауын жариялайды. Байқау 2020 жылдың 7 тамызында сағат 10.00-де Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданы, 1 мекенжайында өтеді; платформа арқылы тіркелу сағат 08:30-дан 09:30-ға дейін.

Мұғалімдердің іріктеу байқауы ПӨО платформасында өткізіледі деп жоспарланып отыр: тестілеу және компьютерде эссе жазу. Орындалған жұмыс нәтижелері 5 күн ішінде өңделеді.

Базаны қалыптастыру үшін үміткерлер ДББҰ ресми сайтының (https://www.nis.edu.kz/) “Жұмысқа қабылдау” бөліміндегі “Түйіндемені жіберу” функциясы арқылы түйіндемені  толтырып, жүктейді.

Толық ақпаратты 8 (7222) 63 63 50 телефоны бойынша алуға болады.