Қош бол, «Green World»

Бүгін жазғы мектебіміздің соңғы күні. Аптадан артық уақыт ішінде шәкірттерімізге түрлі қызықты, танымдық сабақтар, ойындар, зерттеу жұмыстарын ұсынған «Green World» -пен қоштасудың сәті де келіп жетті. Осыған орай, оқушыларымыз академиялық сабақтан соң ТEAMS платформасына бір кісідей қосылып, жазғы мектептің жабылу салтанатына қатысты. Шара барысында жазғы мектептің әр күні туралы бейне жазба көрсетіліп, қатысушылар  алған әсерлерімен бөлісті. Ерекше белсенділігімен көзге түсіп, жазғы мектептің көңілді өтуіне атсалысқан оқушылар лайықты марапаттарына ие болды. Соңында бір кісідей қосыла ән шырқап, жақсы тілектерін жолдады.

Меруерт Биахметова,
Ұйымдастырушы-педагог-куратор