«Street games»

1 маусым –  Халықаралық балаларды қорғау күні.  «Green World»  жазғы мектебі жаздың алғашқы күнін «Street games» яғни, көше ойындарына арнады. Күнделікті сабақтан соң, үй тапсырмалары таныстырылды.. берілген тапсырмаға сәйкес әр оқушы ата-аналарының бала күндеріндегі ойнаған ойындарын еске түсіріп, бірге ойнаулары керек болған.

Сонымен қатар ойын барысы фото болмаса видеоға түсіру міндеттелген. Осы тапсырманы мүлтіксіз орындаған оқушылар отбасылық ойындарын көрсетіп қана қоймай, жанұяның әр мүшесімен таныстырып шықты.

8 «В» сыныбының оқушысы Нұрай Исаханның анасы Индира Исаханова шәкірттерімізге «Бес тас» ойынының ойнау ережесімен, тәртібін таныстырды. Сондай-ақ балаларға жаз мезгілінде ата-аналарымен бірге ойнауға ұсыныс жасады.

Сабақ соңында бүгінгі күнге қорытынды жасалды.

Меруерт Биахметова,
Ұйымдастырушы-педагог-куратор