Comic Con Day (фантастикалық кейіпкерлер күні)

«Green World»  жазғы мектебі «Comic Con Day» фантастикалық кейіпкерлер күні тақырыбы бойынша тәлімгер сабағын өткізді. Топ мүшелері топта өздерінің сүйікті фантастикалық кейіпкерлерін таныстырды.  Үйге берілген тапсырма бойынша критерийлерге сәйкес таныстырылым жасап, топ мүшелерін таныстырды. Тыңдаушылар арнайы бағалаулар бойынша бағалап, өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында келесі күнге тапсырма беріліп, бүгінгі күн қорытындыланды.

Оқушылар әр күні жазғы мектептен алған өздерінің әсерлерімен бөлісуде. Солардың бірі – «Зерттеу мектебі» тобының қатысушысы,  11 «В» сыныбының оқушысы Аян Нұрғалиев:

«Жазғы мектеп алғашқы күнінен бастап өзгешеліктерімен таңғалдыруда. Әр жаңа күн, жаңа тапсырмалар мен ойындарымен қуантты. Шынында, коронавирус пандемиясына қарамастан жазғы мектептің ашылуына қуаныштымын. Өткізілетін сабақтар, жазғы мектеп жүргізушілері де бізді өте жылы қарсы алды. Жоғары сынып оқушысы ретінде өзім соңғы жазғы мектептің әрбір сабағына қызыға қатысудамын. Келер жылғы жазғы мектепке қонақ ретінде қатысамын деп үміттенемін».

Меруерт Биахметова,
Ұйымдастырушы-педагог-куратор