«Second life»

«Green World»  жазғы мектебінің бүгінгі күні  «Second life» тақырыбына яғни, ескіге өмір сыйлауға арнады. Үйге берілген тапсырма бойынша қажетсіз қалған ескі заттардан қажетті бұйымдар жасап, бейне жазбалар түсіріп, көрсетілді. Арнайы критерилер бойынша оқушылардың еңбектері бағаланды. Сабақ соңында келесі күнге тапсырма беріліп, бүгінгі күн қорытындыланды.

Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісті.

Дильназ Смағұлова, 7″Е” сыныбының оқушысы: «Жазғы мектептің әр күні қызыққа толы өтіп жатыр. Күн сайын  түрлі тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды орындағанды өте жақсы көремін . Мысалы бүгін бізге Life – Hack жасау қажет болды. Мен бұрыннан жасағым келген идеямды неге бүгін жасамасқа?,- деп ойланып, іске кірістім.  Ескі қара футболкама ағартқыш септім. Содан кейін біраз күтіп , футболкамды кір машинаға салып жудым. Жуылған киімге таңғалдым. Футболкам өзгеріп, сәнді, трендтегі киім болып шықты. Жазғы мектепке алғыс айткым келеді, себебі осы берілген тапсырмасыз мен осындай эксперимент жасай алмаушы едім!»

Илья Похапов, 8 «Д» сыныбының оқушысы: «Жазғы мектептің әр күні біз үшін қызықты өтуде. Біз топтың атын «Завтра скажем»  деп атадық. Бүгін берілген тапсырмаға сәйкес  қарындаштар үшін органайзер жасағым келді.  Алдымен пластикалық бөтелке, түсті майлық, жіп дайындадым. Мақсатым – қарындаштардың жинақталуы, жұмыс үстелімнің безендірілуі болды. Бөтелкенің жоғарғы жағын кесіп,  тек түбін қалдырдым. сыртын майлықпен орап, резеңкемен  бекіттім. Міне енді менің үстелім әрқашанда жинақы!»

Меруерт Биахметова,
Ұйымдастырушы-педагог-куатор