«World of Dance – 2020» – жаңа таланттарды танытты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жылдағы дәстүр бойынша  «World of Dance» би бәсекесі ұйымдастырылды. Оқу жылы бойы өткізілген сайыстың ақтық сынына «Mix Dance», «Poison Rival», «Midnight Walkers», «Angels off»,  «Winkle» топтары мен Алина Нармуханова шықты. Жас бишілеріміздің өнерін тәуелсіз сарапшылар бағалап, қазылық етті.

Қазылар алқасының құрамына халықаралық сайыстардың лауреаты «Кербез» ансамблінің балетмейстері Бақытгүл Алжанова мен көркемдік жетекшісі Гаухария Бекметьева, ансамбльдің әртісі, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның қызметкері Ведамир Баймуриновтар енді. Сайыс барысында көрермендер «Кербез» тобының өнерін тамашалауға да мүмкіндік алды.

Ақтық сын тартыста толы өтті. Кәсіби қазылардың сынынан өткен бишілеріміз өз бағаларын алып, бірінші орын «Winkle», екінші орын «Mix Dance», үшінші орын «Midnight Walkers» топтарына бұйырды. Ал, «Үздік шығармашылық ойлау» аталымына «Poison Rival», «Үздік актёрлік шеберлік» аталымына Алина Нармуханова, «Үздік шығармашылық тәсіл» аталымына «Angels off» топтары лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мақтау қағазы мен арнайы кубокқа ие болды. Сонымен бірге сайысты ұйымдастырушы мектебіміздің хореографтары мен былтырғы жылғы сайыстың жеңімпазы «Redamancy» тобының мүшесі Дильназ Мырзахметова барлық өнерпаздарға сертификат табыс етті.

Баспасөз қызметі