Аңсаған – Абай оқуларының жүлдегері

Жуырда Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 10-11-сынып шәкірттері арасында аймақтық «Абай оқулары» байқауын өткізді. Дәл осы байқауға мектебіміздің 10 «К» сыныбының оқушысы Аңсаған Серікқызы қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

– Аңсаған Абай атасының 105 өлеңін жатқа біледі. Байқауға тыңғылықты дайындалғанының арқасында 3  кезеңнен де сүрінбей өтті. Берілген 3 кезеңде оңай болған жоқ. Алғашқысында Абай поэзиясын жатқа оқыса, келесі де қара сөздерін мәнерлеп айтып, «Абай жолы» романынан кез-келген үзіндіні шеберлікпен жатқа орындап шығуы керек. Ал соңғы кезеңде әділқазылар оқушылардың Абайтану мәселелері бойынша білімдерін анықтау үшін жедел сұрақтар қойып, жауаптар алды, -дейді жүлдегердің жетекшісі Ақбота Жайсаңбаева.

Байқауға қатысып, жүлделі орын алған оқушымыз бен оны дайындаған жетекшісіне арнайы диплом, сертификат және алғыс хаттар табысталды.

Баспасөз қызметі