Мамандық таңдау –болашақ таңдауы

Мектебімізде  «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру кеңесшісі Сандуғаш Елубаевамен бірлесе отырып «Мамандық таңдау-болашақ таңдауы» атты  куратор сағаты өткізілді.  Онда отандық және шетелдік оқу орындары туралы ақпарат берілді. Соның ішінде қандай жоғары оқу орындарына  Назарбаев Зияткерлік мектебі  сертификатының жарамды екендігі, Халықаралық емтихандардан жақсы көрсеткіш көрсетіп, жоғары балл алған оқушылардың екінші курсқа бірден қабылдану  мүмкіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар, Зияткерлік мектептердің оқу бағдарламасының  беретін мүмкіндіктері, кез-келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары жайлы түсініктемелер берілді.

Оқушыларымыз бұған дейін жоба аясында қаламыздағы бірнеше мекемелерде болып, түрлі мамандықтармен танысқан болатын. Сол сапардан түйген ойларын ортаға салу үшін «Тор » (Паутина) рефлексиялық анализы өткізілді. Нәтижесінде шәкірттеріміздің көпшілігі қазірдің өзінде болашақ мамандықтарын жоспарлап қойғанын білдік.  Ал әлі күнге дейін нақты бір шешім қабылдамаған оқушыларға  болашақ бейінді пәндерді дұрыс таңдауға, өзіндік тайм-менеджменттің, өздігінен алдын-ала жоспарлаудың қаншалықты маңызды екендігі түсіндірілді.

Баспасөз қызметі