«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жалғасуда

Мектебімізде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жалғасын табуда. Жоба зейнеткерлік жастағы ата-әжелеріміздің өнегелі өмірін үлгі етумен қатар “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” көрсете білуге үндейді. Бұл жолы «Шыңғыстау» мен «Алаш» шаңырақтарының оқушылары желілік  жобаны жаңа қырынан жаңғыртты. Жобаға үш ұрпақ өкілі әже, ана, бала  қатысып, отбасылық сабақтастықты жалғады. Жобаға қатысқан Гүлсім Сыдықова мен Күләш Оспанова оқушыларға ақыл-кеңестерін айтып, оқушылармен адами құндылықтар жайында сыр бөлісті.  Сонымен қатар жас ұрпақтың рухани білімін көтеру, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Жобаның би-қимыл-қозғалыс терапиясы бағытына қарай шаңырақ оқушылары өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар тарапынан Айман  Тұрсынбаева, Гүлбақыт  Қойлыбаева  өз замандарындағы би ырғақтарын еске алып, оқушылардың бал биін тамашалады.

Кездесу соңында қариялар балаларымен бірге «Қара жорғаны» билеп,   алғыстарын айтты.

А. Ибрагимова,
А. Оразбаева
кураторлар