Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысының моделі

7-ші  сыныптар арасында «Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушысының моделі»-атты психологиялық  іс-шарасы  жүзеге асты. Кездесудің мақсаты:   жетінші сынып оқушылары арасында жағымды байланыс орнатып,  осы мектепте  оқитын оқушылардың   бойында қандай құндылықтар  болуы   керектігі  туралы ойларымен бөлісу.  Іс –шара басталар алдында журналистер тандалды, сыныптар топтасып шығармашылық жұмыс жасады. Әр  сынып мүшелері  жұмыстарына  белсенді  үлес қосып,  идеяларымен бөлісті. Біз журналисттер қауымы,  барлық сыныптпрдың жұмыстарын бақылап,  оқушыларға түрлі қосымша сұрақтар қойдық. Жұмыс жасау барысында? «НЗМ мектеп оқушысы қандай болу керек?», «Сен сол қасиеттерді өзіңнің бойыңнан көрдің бе?» және  тағы да  басқа да сұрақтарға оқушылар өз  жауаптарымен бөлісті. Нәтижесінде НЗМ оқушысының бойында адалдық, жауапкершілік, патриоттық  сияқты құндылықтар болу керектігн көрсетті.  Аталмыш  іс-шара оқушыларға жоғары көңіл-күй сыйлады.

Ұлжан Слямқанова,
7 «Е» сыныбының оқушысы