Жас өнертапқыштардың алғашқы жеңісі

Жыл сайын 17 қаңтарда бүкіл әлемде өнертапқыш балалар күні аталып өтеді. Осыған байланысты мектебімізде тұңғыш рет ғылыми-зерттеу жобалары көрмесі өтті. Көрмеге 30 –ға тарта жас өнертапқыштардың жұмыстары қойылды. Мектеп басшылығы, ұстаздары, оқушылар назарына ұсынылған еңбектер экология, ғарыш, физика, инженерия сынды қоғам үшін маңызы ерекше салалар бар. Шараны «NIS VOLUNTEERS SEMEY» клубының мүшелері ұйымдастырды. Басты мақсат – шәкірттер арасынан дарынды, талантты балаларды анықтап, оларға қолдау білдіру.

Сонымен, әділқазылар алқасының шешімі бойынша Малика Сырбаева, Аружан Рысаева, Данара Нормухановалардың үштігі бірігіп жасаған жұмыстары 3 –ші орын, Айбек Болатбеков пен Адлен Ролланұлының биологиялық қалдықтардан таза энергия бөлуге арналған құрылғысы 2 –ші орын, Мағжан Серікбековтің «Озонатор» аталған құрылғысы 1-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағазы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұдан бөлек, түрлі аталымдар бойынша жеңіске жеткендерге де лайықты құрмет көрсетілді.