Тәуелсіздік күні аталып өтілді

«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!». Дәл осындай тақырыппен Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымы үшін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында тарих пәнінің мұғалімі Данияр Кемешов баяндама жасап, еліміздің  соңғы 28 жылда жеткен жетістіктері жайлы тарихи деректер келтірді.          Мектеп директоры Бағдан Қайыржанов ұжымды ұлық мерекемен құттықтап, ұстаздарды егемендігіміздің баянды болуы жолында  аянбай еңбек ете беруге шақырды. Сонымен бірге, Тәуелсіздік тарихы жайлы бейнематериал көрсетіліп, бір топ ұстаздар мектептің Алғыс хатымен марапатталды.

Математика пәнінің мұғалімі, ақын Нартай Советханұлы мен 7 сынып оқушысы Шыңғыс Тоқанов өздерінің жүрекжарды жырларын оқыды. Салтанатты шара әнші қыздарымыздың «Қазақстаным алға» әнімен қорытындыланды.