Ұстаздарымыз ұлықталды

2019 жыл біздің мектебіміз үшін табысты аяқталып келеді. Шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаздар қатарынан көрініп бір қуантса, білікті ұстаздарымыз да өз кәсіби деңгейлерінің арқасында жаңа бір белесті бағындырды.

          Өтпелі жыл қорытындысы бойынша әр саланың үздіктерін марапаттаған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мектебіміздің директоры Бағдан Қайыржанов, директордың орынбасары Райгүл Қайыркенова, ұстаздарымыз Асхат Жұмабеков, Наталья Бойко, Динара Ғабдуллиналарға “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс етті. Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!