Хабарландыру! Хабарландыру! Хабарландыру!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы,  Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

  1. Нұр-Сұлтан қ. (физика-математикалық бағыттағы), Хусейн бен Талал к.,

    21 ғимарат (Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-98-01;

  2. Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал к., 19 ғимарат (Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33;

  3. Ақтау қ., 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат, тел.: 8 (7292) 70-10-66;

  4. Ақтөбе қ., Астана ауданы, Мәңгілік Ел к., 8 құрылым, тел.: 8 (7132) 70-47-80;

  5. Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Горный Гигант ықшам ауданы, Жамақаева к., 145, Нұрлыбаев к. қиылысы, тел.: 8 (727) 331-01-00;

  6. Алматы қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев к., 2, тел.: 8 (727) 331-01-10, 331-01-07;

  7. Атырау қ., Нұрсая ықшам ауданы, 11 к., 22 ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51;

  8. Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62, тел.: 8 (7212) 55-88-80;

  9. Көкшетау қ., Ж. Тлеулин к., 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40;

  10. Қостанай қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239, тел.: 8 (7142) 99-97-47;

  11. Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к., 6, тел.: 8 (7242) 55-11-51;

  12. Павлодар қ., Ткачев к., 16/2, тел.: 8 (7182) 70-47-40;

  13. Петропавл қ., И.Ибраев к., 22А, тел.: 8 (7152) 55-97-22, 55-97-28;

  14. Семей қ., Қарағайлы ықшам ауданы, 1, тел.: 8 (7222) 63-63-50, 63-22-81;

  15. Талдықорған қ., Каратал ықшам ауданы, 47, тел.: 8 (7282) 55-88-80, 55-88-81, 55-88-83;

  16. Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266, тел.: 8 (7262) 99-98-55;

  17. Өскемен қ., Қ. Сәтпаев даңғылы, 53, тел.: 8 (7232) 56-01-25, 56-08-43;

  18. Орал қ., Московская к., 16, тел.: 8 (7112) 55-45-12;

  19. Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат, тел.: 8 (7252) 29-44-88;

  20. Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшам ауданы, 1А, тел.: 8 (7252) 77-55-34.

Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

  1.  Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

  2. Сауалнама толтыру;

  3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

  4. 086/у медициналық анықтама формасы;

  5. Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші жарты жылдық табелі қабылданады). Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11 сыныптарында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға құқықтары жоқ; Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

  6. Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады. Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75% алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады. 

Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:

  1. конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;

  2. құжаттары толық болмаған жағдайда.

Қабылдау комиссиясының жұмыс істеу тәртібі

Құжаттарды қабылдау дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.

Мереке күндері: 31 желтоқсан 2019 жыл, 1-3, 7, қантар 2020 жыл.