Жоғары сыныптарға арналған куратор сағаты

Мектебіміздің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Айнұр Оразбаеваның ұйымдастыруымен 12 “А” және “B” сыныптары үшін куратор сағаты өтті. Бұл куратор сағаты негізінен жоғары сынып оқушыларының емтихандар алдындағы қорқыныш сезімдерімен күресуге арналды.

Қызықты сұрақтарға жауап беру арқылы бірнеше топқа бөлінген шәкірттерге мектеп өмірі, емтихандар жайлы сұрақтар қойылып, түрлі ойын дар ойнатылды. Шараның өтуіне психологтардың да атсалысқанын атап өткен жөн. Олардың көмегі арқылы “Мен және мен емес” ойыны арқылы сыныптастар бір-бірлерін жаңа қырынан танып білді.
Сабақ соңында психологтар мен Айнұр Қайырханқызы өз шәкірттеріне емтихан қарсаңында немесе сол күні еш алаңдаушылық білдірмей, сабырлы болуға шақырды. Алдағы емтихандарға сәттілік тіледі.
Баспасөз қызметі