Желден ұшқыр жүйріктер

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің денешынықтыру және эстетика әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Жарыс шарты бойынша әр команда 4 оқушыдан жасақталып, жүгіру манежіне шыққан спортшылар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Жарысқа жиыны 80 шәкірт қатысуға ниет білдірген.

Жеңіс тұғырынан 7-8 сыныптар арасынан  7 «Е» сыныбы бірінші, 7 «А», 8 «С» сыныптары  екінші, 7 «В» сыныбы үшінші орындарымен көріне білді.

9-11сыныптар арасында I орынды 10 «С»,  II орынды 9 «А» ІІІ орынға 11 «С» сынытарының командалары жеңіп алды.

– Жүгірудің адам денсаулығына пайдасы көп екенін бәріміз білеміз. Ал жарыс біздің мүмкіншілігіміздің қаншалықты екенін анықтап береді. Бүгін біздің команда жеңіске жетті. Өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта да осы жетістігімізді қайталаймыз деп ойлаймын, -дейді 7 «Е» сыныбының оқушысы Мәди Болатов.

Баспасөз қызметі