Қаланың көркеюі- халықтың игілігі

 

Көрікті де әсем  Ақтөбе қаласына – жаздың жайдары күні сәулесін  бүгін ерекше шашып тұрғандай.  Кезекті сапарымыз Ақтөбе қаласындағы бір-бірін қайталамайтын керемет дизайнмен тамаша ғимараттар салумен айналысатын «Нектар» құрылыс компаниясымен танысудан басталды. Алдымен осы компания салған «Жекпе-жек» зәулім спорт сарайына ат басын тіреп, халық игілігі үшін қызмет етіп тұрған кешеннің жұмысымен таныстық.  Құрылыс компаниясының басшысы  Шамиль Капаров бізді салынып жатқан құрылыс алаңына апарды. Онда біз құрылысшылардың қызу жұмысына куә болдық, әрі елімізге құрылыс мамандары ауадай қажет екенін түсініп, кәсіби бағыт-бағдар алдық.

Келесі сапарымыз «Атамекен» бизнес орталығында жалғасты. Мекеменің басшысы Ержан Нұрғалиевтің «Сен табысты адам боласың! Соған сен!» деген тренингін өте қызығушылықпен, аса ықыласпен ден қоя тыңдап, ертеңгі күнімізге айтарлықтай мотивация алдық.
Түстен кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Университетінің ғимараты мен мұражайын,  бай кітапханасын аралап, өзімізге рухани азық жинап қайттық.  Ақтөбе қаласы «Туған елге тағзым» жобасына қатысушыларды күннен-күнге бауырына тартып, өз туғанындай қабылдауда.

  Әлия Мұстафина,
Семей қаласындағы ФМБ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы