Ақтөбе қарқынды дамуда…

Ақтөбе – тарихи ескерткіштерімен ғана емес, өндірісі өркендеген өлке ретінде танымал. Ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан облыстың бүгінгі қарқыны жайлы экспедициямыздың 3 күні көз жеткіздік.  «ТК Фарм Актобе» дәрі-дәрмек зауытына барған біздер кәсіпорында 20-дан астам препарат, 7 түрлі сұйық дәрі-дәрмек шығарылатынын өз көзімізбен көрдік.  Мекемеде көрсетілген қызметтің сапасы өте жоғары екені айдан анық, себебі, тасымал, жабдықтау және қаптау үрдістері еуропалық стандарттарға сай жүргізіледі.

Сапарымызды одан әрі  Ақтөбе қаласындағы ипподромда жалғастырдық. Ипподром – жылқы жануарына жаны құмар жандардың демалыс орыны ғана емес, қазақтың «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу» сынды ұлттық ойындарын насихаттаушы мекеме. Біз ипподромның құрылу тарихынан бастап, онда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат алдық. Тіптен ат үстінде серуендеуге де уақыт таптық. Әңгіме барысында ипподром қызметкерлері Ақтөбенің болашақта ұлттық спорт түрінен республикамыздың басқа қалалары, шетел сайыскерлерімен бәсекелестікке түсу перспективалары мол екенін атап, ат  спортымен айналысудың пайдалы жақтарын түсіндірді.

Осылайша, «Туған елге тағзым» жобасының арқасында  Ақтөбедегі дәрі-дәрмек саласы мен  мен ұлттық ат спортының ерекше қарқынмен дамып жатқанына куә болдық.

Аида Маргарян,
  Дана Ахмерова
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары