Табиғат аясындағы демалыс.

Жазғы мектебіміздің кезекті күнінде тəрбиеленушілеріміз мұғалімдер мен еріктілердің жетекшілігімен табиғат аясына шықты. Бұл нағыз  демалыстың бірі болды. Мектеп мұғалімдерінің күшімен түрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырды. Тіптен бұл күнді “Денсаулық күні” деп атауымызға болады. Өйткені, ашылу рəсімі өтісімен командаларға топтасқан оқушылар “Арқан тартыс”, “Радуга” сынды ойындарды ойнауға кірісті. Сонымен қатар əскери-эстафеталық жарыста бақтарын сынап, алауды қалай жағып, шатырды қалай тігу керек екенін үйренді. Ойналған ойын мен шаралардың барлығы бір күн болсын денсаулықты шыңдап, қалыпты ұстауға, қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты аялай білуге бағытталды.