Би – таптырмас жаттығу.

Би – адам өміріндегі қимыл қозғалысы мол таптырмас физикалық жаттығу. Біздің жазғы мектептің əр күні түрлі əуенмен əрленген бимен басталады. Мəселен 6- шы күнімізде мектебіміздің хореграфы Жанар Төкенованың жетекшілігімен белсенді жаттығу өтті. Бұл күні оқушылар қазақтың ұлттық биі “Қара жорға”, “Сəулем” əніне орайластырылған заманауи биді, əлемге танымал ” Baby Shark” балалар əуенін біріктіре отырып, ерекше компазиция шығарды. Осы жаттығулар балаларға күн бойына жететін энергия сыйлап, ұстаздар өткізетін сабақтар мен үйірмелерге белсене қатысуға жетелейді.