Жазғы мектептегі халықаралық ұстаздардың үлесі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізілетін «Жазғы мектеп» шарасының басты ерекшеліктерінің бірі – келушілерге жергілікті ұстаздардан бөлек халықаралық мұғалімдердің дәріс беруінде. Осы арқылы бала бойына өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет, сыйласымдылық сынды қасиеттерді сіңірумен қатар, ағылшын тілін тереңірек меңгеруге мол мүмкіндік беріледі.
Әрине, біздегі әр күн қызықты. Дегенмен 5 күні Hrvoje Moric, Antoinette Loxton, Crisamie Mendieta, William de Jager, Rosanette Luther, Ljerka Bolat, Vijay Lal, Mr.Marcel сынды халықаралық ұстаздардың бірлесе өткізген активитиіне оқушылар асқан қызығушылықпен қатысты. Бұл ойындар баланың ақыл-ой жүйесінің дамуына ықпал етіп, бойдағы жасырулы таланттардың ашылуына себепші болады. Ойындардың қызықты өткені соншалық оқушылар халықаралық ұстаздарға жүрекжарды алғыстарын білдірді.