Танымдық кино тәрбиенің бір құралы

Жазғы мектеп қызықтары таусылар емес. Әр күн сайын ұстаздар мен еріктілерден құралған шығармашылық топ оқушылар үшін қызықты бағдарламалар әзірлеумен болады. Мәселен, 3 күні мектебіміздің акт залына жинала отырып, «Чудо» атты американдық фильмді тамашаладық. Туынды әр адамға түрліше әсер еткені анық. Бұны оқушылар фильм аяқталысымен өзара өткізген пікір-талас кезінде ортаға салып, өз ойларын жеткізе білді. Бұл күн 3-6 сынып оқушылары үшін де ерекше  болды. Өйткені, олар түрлі үйірмелерге қатыса отырып өздерінің шығармашылық қабілеттерін ұштай түсті.  Халықаралық ұстаздар тарапынан ұйымдастырылған активитилерге қатысып, белсенділік танытты. Бұл олардың тілдік қорларын ғана дамытып қоймай, өмірге деген көзқарастарын да кеңейте түседі. Сондықтан жазғы мектептің әр күні жай ғана өтпей, оқушыға мысқалдай болсын пайда әкелумен есте қалуда.