Мектебіміздегі READx жобасы

READx – тыңдаушыларға, оқушылар мен мұғалімдерге оқыған кітаптарының тың идеяларымен бөлісуге, өздері үшін қажетті дүниелер естуге, және ынталандыратын, кітап оқуды ұнататын белсенді оқырмандардың оқу алаңы! 24 мамыр күні мектебімізде READx жобасы өткізілді. READx-қа 6 спикер қатысып, олар тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында бөлісті. Әртүрлі оқырмандардан құралған спикерлер жобаға келген тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Шара соңында тыңдаушылар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, өздеріне болашаққа қажетті бағыт алды. Жақсы кітаптар Интернетте отырып, немесе теледидар қарағаннан көрі әлдеқайда көп пайда әкеледі.
Сондықтан, кітап оқыңыз, трендте болыңыз!

Әлия Қалдыбаева,
Педагог-кітапханашы