IX Наурыз кездесулерінің жүлдегерлері

Жуырда жастар жылының аясында Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  IX Наурыз кездесулері өтті. Биылғы басқосу «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында ұйымдастырылды. Ғылымға жаны құмар ізденімпаз жас ғалымдардың биылғы ғылыми алаңына 200 – ден астам оқушы жиналды. Ауқымды іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақсатнның мақтаныштары, ұшқыш батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтер арнайы келіп қатысты. Биылғы Наурыз кездесулерінің тақырыбына орай оқушылар үшін әйгілі NASA агенттігі  мен SpaceX компаниясының өкілі Майкл Лукомски, Правин Пратапан, Еуропалық ғарышкерлерді даярлау орталығының қызметкері Игорь Дроздовскийлер лекциялар оқыды. Шараға қатысқан жас ғалымдар өздерінің түрлі тақырыптарды қамтыған 80 –ге жуық еңбектерін ұсынды.
Осы оқушылардың арасында біздің мектебіміздің 4 бірдей оқушысы өз жобаларын бәйгеге қосып, әділқазылар алқасының жоғары бағалауына ие болды. Мәселен, 10 «А» сыныбының оқушылары Хамза Бертісбаев пен Әділ Серіктің бірлесе жасаған “Дом будущего” атты еңбектері жүлделі 2-ші орынға ие болды. (Ғылыми жетекшісі А.Н. Андакаева).  Ал 10 «С» сынып оқушысы Әлішер Сәбиғалиевтің “Космический душ” жобасы (Ғылыми жетекшілері Н.В.Бойко мен А.И.Пашкевич), 12 «Е» сынып оқушысы Дамир Мыңбаевтың “Луна – хаб для будущего исследования космоса”  атты еңбегі (Ғылыми жетекшісі З.К.Мамадилова) 3-ші орынға ие болды.
– Мен өз жобама толықтай 1 жыл уақыт жұмсадым. Аспан денелеріне қатысты еңбекті қолға алуыма бүгінде ғарыш саласын зерттеген жобалардың санаулы әрі өзекті болуы басты себеп. Одан бөлек мені ғарыш өте қызықтырады. Наурыз кездесулеріне қатысу барысында елімізден шыққан ғарышкер ағаларымызбен еркін тілдесіп, ғибратты әңгімелерін тыңдадық. Ендігі мақсатым – осы бағыттағы жобамды алдағы уақыта жалғастыра беру, -дейді Дамир Мыңбаев.
Осылайша оқушыларымыз жаңа бір ғылыми жаңалықтың ашылуына себепкер болып, жасаған жобаларының әлемдік деңгейде кең қанат жаюына жола шқандай әсер алып қайтты.

Альсана Смаилова,
Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің  10 сынып оқушысы