Мамандық таңдау бойынша мектеп психологтармен кіріктірілген шеберлік сағаты

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» – деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.
Мамандық – өмір таңдауы. Ақпан айының жиырма алтыншы жұлдызында мамандық таңдауға көмектесу ретінде 10 «А» және 10 «С» сынып оқушылары мен ата-аналарына мектеп психологтарымен бірге кіріктірілген сабақ өткізілді. Бұл  сабақтың мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда “мен міндеттімін” маңыздылығын көрсету, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу. Бұл тренингті қолдану арқылы  алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» –   дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық  тұрғыдан жеке бастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және ата-аналарының өздерінің басынан өткізген тәжірибені тұжырымдап, іс жүзінде  жүзеге асыруда өздерінің ойларымен бөлісе отырып балаларын жаңа қырынан тану жағынан үлкен пайдасын тигізеді.
Ұйымдастырылған тренинг сабаққа 10 «А» және 10 «С» сыныптарының ата-аналары шараға қатысты. Тренинг кезінде оқушылар болашақта қандай мамандық иесі болатындарын айтса, кей оқушылар әлі де ойлану үстінде екендіктерін жеткізді. Шара барысында ата-аналар мен оқушылар берілген сұрақтартарды байланыстыра отырып өз көзқарастарын дәлелдеді. Ұйымдастырылған тренинг сабаққа мектебіміздің кәсіби бағдар беруші инспекторы Бакытгүл Қайыркенова тренингке қатысушыларға өз ойымен  кеңесімен бөлісті.
Жүргізілген тренинг өз мақсатына жетті,  оқушы және ата-ана арасында байланыс болды, өз ойларын толықтай жеткізуге тырысты. Тренингтің нәтижесінде алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өзін-өзі жаңа қырынан ашу және өзі-өзі түсіну тәжірибесін игерді.

Ж.Мұхаметқалиева, А. Жоламанова,
Педагог-психологтар.
Д.Нұрғазина, Т.Кұрмашев,
Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар