Құрметті ата-аналар!!! Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу 2 (екі) кешенді тестілеуден тұрады және 2019 жылдың 2 және 3 наурызында өткізіледі (Астана уақытымен)

Қазақ тілінде тапсыратын үміткерлерге 1 ауысымда.

Орыс тілінде тапсыратын үміткерлер үшін 2 ауысымда.

Өзімен бірге: фотосуреті бар рұқсат қағазы мен қара сиялы қалам (гельді емес) алып келуі керек. Сонымен қатар этикеткасы жоқ мөлдір ыдыстағы суды алуға болады.

Тестілеу кезінде үміткерге өзімен бірге сөмке, кітаптар, ұялы телефондар, фото/видео құралдар, калькулятор, смарт-сағат және басқа гаджеттер, ақпараттық-анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай үшін қағаздар мен басқа да көмекші электрондық құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тестілеу кезінде үміткерден қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.