Айқын Исабай – жас ұстаздардың үздігі

Мектебімізде жас ұстаздарға арналған дәстүрлі «Сәтті бастама» байқауы өтті. Оған қазақ тілі мен әдебиеті, физика, информатика, тарих, математика пәндерінен дәріс беретін 8 ұстаз қатысты.
Сәуір айының алғашқы күнінен бастау алған байқау 3 кезеңнен тұрып, педагогтар өздері, мамандықтары, ұстанымдары, болашақ мақсаттары жайлы әңгімелеген бейнематериал әзірлеуі, “Планеталар шеруі” атты ашық сабақтар өткізуі міндеттелген. Ал соңғы кезеңде әріптестеріміз “TEDx” форматында ұстаздыққа қатысты түрлі тақырыптарда өз ойларын ортаға салды.


Байқау қорытындысы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Айқын Исабай жеңіске жетіп, мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2023» сайысына жолдама ұтып алды. Байқауға қатысушыларды марапаттау сәтінде мектеп директоры Бағдан Қайыржанов кейінгі буын әріптестерінің алдағы өмірлеріне сәттілік тілей отырып, түрлі аталым жеңімпаздарын марапаттады. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табысталды.