Нұрғазы Тұрсынғазин – “Жылдың үздік мұғалімі”

Мектеп ұстаздарының арасында “Жылдың үздік мұғалімі” байқауы өтті. Кәсіби шеберлік пен тұлғалық өнер қатар сарапқа салынған сынға 8 ұстаз қатысты.


Тартысты байқау қорытындысы бойынша І орын математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазинге бұйырды. Жүлделі ІІ орынды биология пәнінің мұғалімі Замзагуль Оразгалиева жеңіп алса, ІІІ орынға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Дүйсенбаева ие болды.


Жеңімпаздар арнайы диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға да лайықты құрмет көрсетілді.