Физика біздің айналамызда

Адамды біздің өркениетіміздің жоғары құндылығы ретінде бірқатар ғылыми пәндер зерттейді: биология, антропология, психология және т.б. Алайда, адам құбылысына тұтас көзқарас құру физикасыз мүмкін емес. Қазіргі кезде физика техникалық прогресстің негізгі бағыттарының және техникалық білімді практикалық қолдану бағыттарының теориялық негізі болып табылады.


Жазғы мектебіміздің «Физика біздің айналамызда» курсында оқушылар физиканың негізгі түсініктері мен заңдарын еске түсірді. Физиканың әр ашылуының маңыздылығын, практикалық қолданылуын қайталады. Курстың барлық тапсырмаларына жауапкершілікпен қарап, жан-жақты екендіктерін көрсетті.
Олимпиада күні командалық жұмыс, ынтымақтастық, әр тапсырманы жылдам әрі сапалы орындауға деген қызығушылықты байқажық. Сабақтар онлайн режимде болғандықтан, оқушылар виртуалды эксперименттік тапсырмаларды орындады. Ал физикалық құрылғылармен жұмыс істеу мүмкіндігі болмады.


Физика – нақты және күрделі ғылым. Сондықтан ХХІ ғасырда осы ғылымда одан әрі алға жылжытып, тереңірек зерттеп, ерекше назар аударатын адам бар ма?, -деген сұрақ туындайды. Өйткені, физика – таңғажайып ғылымдардың бірі! Физиканың қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, ең мықты мұғалімдердің өзі қазіргі ғылым туралы айту қажет болғанда үлкен қиындықтарға тап болады.

Баспасөз қызметі