Жас фотографтарға арналған «Photocamp»

Алматы қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «National Geographic» бірлесе «Photocamp».жобасы жүзеге асырды. «Photocamp» – бұл барлық зияткерлік мектептердің оқушылары суретке түсіру ережелерімен танысатын бір аптаға созылатын лагерь. Тренингті National Geographic журналының әйгілі американдық фотографы Герд Люгвиг (Gerd Lugwig) жүргізді. Шара барысында ол өзінің фотосуреттерінің тарихы мен осы мамандыққа қалай келгендігі жайлы айтып берді.


– Бұл жобаға сыныптасым Диас Баймұхаметов екеуміз қатыстық. Біз фотосуреттің композициялық заңы мен түсіру ережелерін, қызықты кадрларға арналған түрлі трюктерді зерттедік. Жобаға қатысушы Қазақстанның әр өңірінен жаңа достар таптық. Фото біз ойлағандай тек рамалардың жиынтығы емес. Керісінше, сол бар өнеріңді салу. Аптаға созылған шара Тұңғыш Президент саябағы, Ә.Қастеев мұражайы, сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында өткен тәжірибелік сәтімен есте қалды. Фотолагерь бізді қатты шабыттандырды, сондықтан көп ұзамай біз өз мектебіміздің базасында оқушыларымызға курстар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді мектебіміздің 10 «D» сыныбының оқушысы Алима Бабакпаева.


Баспасөз қызметі