Семей қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі – шетелдік ғалымдармен ұжымдық монографияның авторы

Біздің мектептің мұғалімі, физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі «Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Финляндия университетінің PhD докторанты Жұмабеков Асхат Советханович, 2016-2017 жылдары федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі «Иркутск мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «ДББҰ» Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруға белсенді катысты.
Осы жемісті еңбектің нәтижесі бойынша 2017 жылы 13 қыркүйекте Ресей Федерациясында «Ресей, Қазақстан және Финляндияның инклюзивті білімге көшу жолдары: мәні, тәжірибесі, перспективалары» ұжымдық монографиясы жарияланды: Жұмабеков А.С., Афанасьева Р.А., Гладун Л.А., Кучергина О.В., Шелкунова О.В.
Бұл кітап мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолайлы білім беру ортасын құрудың бірегей аспектілері мен әдістерін қарастырады. А.Жұмабеков және оның со-авторлары – ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауында айтылған қарапайым мектептерге «ерекше балаларды» интеграциялау идеясын жобаға арқау етіп отыр. Ғылыми еңбекте Қазақстан, Финляндия және Ресейде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған мұғалімдер мен ата-аналарға арналған кеңестер бар екенін атап өткен жөн.
Авторлардың монографиясы бірден қызығушылық тудырды және жұмыс бірнеше тексеруден өтіп, ғылыми жарияланым ретінде танылды. Қазіргі уақытта кітаптың 100 даналық алғашқы тиражынан бірнеше данасы Ресей кітап палатасының филиалына жіберілді. Ғылыми дәйексөздің Ресейлік индексін құру мақсатында, басылым туралы ақпарат ғалымдардың ғылыми жарияланымдарының библиографиялық дерекқорына да жіберілді.