«COVID-19: бүкіл әлемнің мұғалімдері бірігеді!»

Жақында «Варке» Қоры «COVID-19: бүкіл әлемнің мұғалімдері бірігеді!» атты  Халықаралық педагогикалық саммит ұйымдастырды. Оған еліміздің ұстаздары мен сарапшыларын қосқанда 75 мемлекеттен 3200 адам қатысты.

Саммит басталмас бұрын «Варке» Қоры топ фасилитаторларын таңдап алуға мүмкіндік берді. Таңдаудың бірі – Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабековке түсті. Әріптесіміздің негізгі атқаратын функцияларының қатарына орыс тілді орта үшін синхронды аударма жұмыстарын жүргізуде кірді.

Саммитте өзекті деген 9 мәселе талқыланып,  қатысушылар назарына ұсынылған. Олар:

  • Оқушылар мен мұғалімдер үшін қауіпсіз орта
  • Білім беру саласында қысқартуға жол бермеу
  • Мектепте жоғалған уақыттар ұрпақты жоғалтып алуға айналмауы керек
  • Қашықтықтан оқытуға арналған тренингтер
  • Балаларды қорғауға қатысты онлайн-тренингтер
  • Тегін дүрыс тамақтану
  • Баршаға сапалы, қолжетімді интернетке қол жеткізу
  • Жеделдетілген білім беру технологиялары
  • Интернет жоқ жерде қашықтықтан сапалы оқытуды қамтамасыз ету шешімдері.

– Халықаралық саммит үш негізгі бөлімнен тұрды. Алғашқы YouTube Live халықаралық саммиттің ашылуынан бастап, Zoom топтарында жұмыс жасап, кері байланыс орнады. Мен «Варке» қорына топтың фасилитаторы болуыма,  сенім білдіргендеріне ризашылығымды білдіремін.  Бұл мен үшін еліміздің білім беру саласында қандай жаңа тәсілдер, стратегияларды өзгелермен тәжірибе  бөлісуге жол ашты. Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы, қоғам қайраткері Әлия Назарбаева мен «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының ұйымдастырушыларына осы мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін! Әлемнің әр қиырындағы әріптестермен пандемиядан кейін білімнің болашағы жайлы талқылау, олардың тәжірибесімен танысу өте қызықты болды. Біздің еліміздің көптеген мұғалімдердің қатысқаны қуантты. Ғаламдық саммит көптеген идеяларды дүниеге әкелді, – дейді Асхат Советханұлы.

Мектеп қауымдастығын қолдауға бағытталған ғаламдық саммит әлемнің әр түкпіріндегі мыңдаған мұғалімдердің пікірін тыңдауға мүмкіндік берді.

Баспасөз қызметі