Облыс ұстаздары бас қосты

Бүгін мектебімізде ” “Қоғамға қызмет ету” жобасы аясында оқушылардың еріктілер қозғалысын дамыту” тақырыбында облыстық семинар – практикум өтті. Семинарға ШҚО білім басқармасы “Шығыс” өңірлік орталығының тәрбие жұмысы бойынша бөлімнің басшысы Эльмира Балапанова және облысымыздағы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар-практикум барысында “Қоғамға қызмет ету” жобасы жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, Зияткерлік мектептерге ортақ “2 апта ауылда”, “Ата-ана жұмысындағы 1 күн”, “Ата-ана жұмысындағы 10 күн”, GIN әлеуметтік жобалары, “NIS Teachers Volunteers”, “AVC” еріктілер клубтарының жұмысы жайлы баяндалды.

Мектебіміздің кураторлары, өзін-өзі тану пәні мұғалімінің күшімен “Құрмет” құндылығы жайлы куратор сағаты, “Біздің қаламыздың мәселесі” атты ТЕДх форматында шаңырақ сағаты, “Табиғаттан нәр алып …” кіріктірілген сабағы өткізілді. Семинар-практикум соңы кері байланысқа ұласып, қонақ ұстаздар өз ойларын ортаға салды.

Баспасөз қызметі