Тәжірибе таратуға арналған семинар

Білім ошағымызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату бойынша кезекті семинар өтті. Семинарға Семей және Курчатов қалаларындағы жетекші мектептердің 260 мұғалімі қатысты. Бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша 14, Курчатов қаласында 1 жетекші мектеп бар. Аталған білім мекемелері Зияткерлік мектептердің тәжірибелерінің кеңінен таралуына көмектесушілер.  Бүгінгі семинарда барлық пәндер бойынша 2019-2020 оқу жылының 2-тоқсанына арналған оқу жоспарын вертикальді және горизонтальді жоспарлау, сонымен бірге бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау, бөлім бойынша негізгі ресурстар, қалыптастырушы бағалаудың негізгі міндеттері жайлы айтылды.
Бұдан бөлек қалалық білім бөлімімен жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруды бақылауды ұйымдастыру бойынша кездесу өтті. Дәл осы сәтте білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің даму жоспарын жасау бойынша мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары үшін оқу семинарлары мен сынып жетекшілері үшін шаңырақ сағаттары өткізілді.

Баспасөз қызметі