Жаңа оқу жылы алдындағы жаңа марапат

Нұр –Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тамыз конференциясында Зияткерлік мектептердің басшылары мен бір топ мұғалімдеріне лайықты марапаттар тапсырылды.

Конференцияға қатысқан ҚР Білім және Ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтай келіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Вице-министр өз сөзінде еліміздегі орта білім беруді жаңғыртуда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қосып отырған үлесі көп екенін атап өтіп, мектеп басшыларына министрліктің Алғыс хатын табыс етті.

Ал кәсіби біліктілігін табысты еңбекке ұштастыра білген көптеген ұстаздарды «Ы.Алтынсарин» , «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттады. Саналы ұрпақ тәрбиелеуші мамандардың жоғарғы марапаты – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне мектебіміздің директорының бейінді-эксперименталдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайыркенова Райгүл Алтынбекқызы ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!